QapiDonat

Құпиялық саясаты

Соңғы жаңарту: 4 қараша 2026

1. Біз кімбіз

QapiDonat — стримерлерге донат хабарламаларын эфирде көрсетуге арналған веб-қызмет. Біз донат ақшасын қабылдамаймыз және сақтамаймыз: төлем тікелей стример мен донат жіберушінің арасында банк арқылы өтеді. Қызметті пайдалану ақысы бөлек және ол қызмет иесіне аударылады.

2. Қандай деректерді жинаймыз

3. Не үшін қолданамыз

Қызметті көрсету (донатты эфирде көрсету, статистика), аккаунт қауіпсіздігі, кіру кодтарын поштаға жіберу, қызмет сапасын сақтау. Деректеріңді сатпаймыз және жарнама үшін бермейміз.

4. Кім көре алады

Қызмет әкімшілігі қауіпсіздік пен қолдау мақсатында аккаунт мәліметтерін (пошта, ник, стрим сілтемесі, белсенділік, құрылғылар, донат саны мен сомасы) көре алады. Құпиясөзді көре алмайды. Әкімші әрекеттері журналға жазылады. Деректер заң бойынша талап етілмесе, үшінші тұлғаларға берілмейді.

5. Қайда сақталады

Деректер бұлттық серверлерде (хостинг және дерекқор провайдерлері, Қазақстаннан тыс болуы мүмкін) сақталады. Хаттар пошта жіберу қызметі арқылы жіберіледі. Деректер тасымалданғанда шифрланған байланыспен (HTTPS) беріледі.

6. Қанша уақыт сақталады

Аккаунтың бар болғанша. Аккаунтты өшіру туралы өтініш бергеннен кейін барлық деректер (профиль, донаттар, файлдар) өшіріледі.

7. Сенің құқықтарың

Деректеріңді көруге, түзетуге, көшіріп алуға (Донаттар бөліміндегі CSV) және аккаунтты өшіртуге құқығың бар. Профильді Аккаунт бөлімінде өзгертесің, өшіру үшін байланысқа шық: qoldauapp@proton.me.

8. Қауіпсіздік

Құпиясөздер scrypt арқылы хэштеледі, сессиялар серверде бақыланады және кез келген уақытта Аккаунт → Құрылғылар бөлімінен тоқтатылады, екі сатылы тексеру (2FA) қолдау көрсетіледі. Ешқандай жүйе 100% қорғалмаған, сондықтан күшті құпиясөз мен 2FA қолдануды ұсынамыз.

9. Өзгерістер

Саясат жаңарса, осы бетте көрсетіледі.

Байланыс: qoldauapp@proton.me